Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

0 256

Мемлекеттік кірістер комитеті 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

«Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.