Қазақстан құрамасы Словенияға қарсы ойнайды

0 522

6 қыркүйек күні азулы Норвегия құрамасымен тең ойын көрсеткен футболшыларымыз бүгін Словенияға қарсы жасыл алаңға шығады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы екінші ойын Люблянадағы «Стожице» стадионында өтеді.

Матч Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады. Қос құрама арасындағы кездесуге португалиялық Жоау Пиньейру қазылық етеді.

Ұлттар лигасының екінші кезеңін «Qazsport» арнасының ресми сайтынан тамашалауға болады.