Қазақстан халқы Жаңа жылда 4 күн демалады

0 2

Еңбек министрінің 2024 жылғы 21 қарашадағы бұйрығына сәйкес, демалыс күні 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбіден 2025 жылғы 3 қаңтардағы жұмаға жылжиды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Осылайша, 2025 жылдың 5 қаңтары жексенбі жұмыс күні, ал 2025 жылдың 3 қаңтары жұма демалыс күні болады.

«Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында, ал алты күндік жұмыс аптасында 1-3 қаңтар аралығында демалады», делінген ведомство хабарламасында.

Демалыс күндерін осылайша ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Бұйрық 2024 жылғы 21 қарашада күшіне енді.