Қазақстан азаматтары Вьетнамда 90 күн визасыз жүре алады

0 614

2024 жылдың 25 мамырынан бастап Қазақстан азаматтары Вьетнамда 90 күн визасыз жүре алады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Қазақстан мен Вьетнам Үкіметтері арасында ұлттық паспорт иелерін визалық талаптан босату бойынша келісім күшіне енеді.

«2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылғы 25 мамырдан бастап күшіне енеді.

Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық паспорт иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді. Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кірген күннен бастап күнтізбелік 30 күн, ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады», деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифинг барысында.