«Қазақстан аруы-2024» байқауының жеңімпазы анықталды
«Қазақстан аруы-2024» ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазы өскемендік 20 жастағы Бағым Балтабаева атанды. Байқау жеңімпазы енді «Әлем аруы» байқауында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Финалдық байқау Алматыда өтіп, бірнеше кезеңді қамтыды.
Қазылар алқасының қатарында Қазақстанның бірінші аруы Сәуле Рахмедова, балерина, былтырғы «Қазақстан аруы» Сабина Ыдырысова, дизайнер Айрат Надров, пластикалық хирург Ілияс Бейскенов, «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының директоры Айжан Рузаева және Қырғызстаннан келген дизайнер Арзубек Вонама болды.
Бұл жылы байқау «The аrt оf being a Woman» (Әйел болу өнер) тақырыбымен өтті.
Байқау нәтижесінде 5 ару арнайы атақтарды иеленді:
- «Вице-мисс Қазақстан 2024» атағын Айдана Әбілқасова;
- «Жер аруы 2024» атағын Томирис Қадырхан;
- «Ғалам аруы 2024» атағын Дана Алмасова;
- «Қазақстан аруы 2024» атағын Бағым Балтабаева иеленді.