Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барды

0 111

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ашхабад әуежайында түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады деп жоспарланып отыр.