Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Моңғолияға барады

0 474

Мемлекет басшысы қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыртуымен Моңғолияға барады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Aist Global» телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.

Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, — делінген ресми баспасөз парағында.

Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады.