Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады

0 8

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылға арналған мұсылман мерекелерінің күнтізбесін бекітті. Күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

ҚМДБ мәліметінше, қасиетті Рамазан айының алғашқы күні 19 ақпанға сәйкес келеді. Ал, Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні өтеді.

Еліміздегі мұсылмандар Ораза айт мерекесін 20 наурыз күні атап өтеді. Ал, қасиетті Құрбан айт мерекесі биыл 27-29 мамыр аралығында тойланады.