Қар көшкіні алты көлікті басып қалды
Өткен түні Қырғызстанның Төө-Ашуу асуында жүрген екі қар көшкіні алты жеңіл көлік пен бір шағын автобусты басып қалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Бообек Әжікеевтің айтуынша, жолаушылар көлігінің бірін толығымен қар басып қалған, құтқарушылар одан 4 адамды алып шықты. Зардап шеккендердің арасында есінен танған әйел бар. Ол дереу ауруханаға жеткізіген.