Қайтадан аяз күшейеді

0 244

Алдағы күндері Қазақстандағы күн райына солтүстік-батыс циклоны әсер етіп, ел аумағында жауын-шашын, қар және 28 градусқа дейінгі аяз болады деп күтіледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы солтүстік-батыс циклонына байланысты болады. Соның әсерінен жауын-шашын, қар, жылбысқы қар және жаңбыр түрінде бұлтты күн райы күтіледі. Метеорологтар 30-31 қаңтарда елдің шығысында, 31 қаңтарда елдің солтүстігінде қалың қар, боран, екпінді жел, тұман болады деп болжап отыр. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 30-31 қаңтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.

Республиканың батыс облыстарында ғана антициклон сілемі әсерінен жауын-шашын болмайды. Ал елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнгі уақытта -20…-28°C-қа дейін төмендейді, алайда күндіз 1 ақпанда термометр бағаны нөлдік белгіге жақындайды.