Президент Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды

0 3

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.