Президент Қазақстан кинологтар одағын қазақ тазысының халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтады

0 10

Хельсинкиде өткен «World Dog Show 2025» дүниежүзілік көрмесінде алғаш рет әлемге ресми түрде таныстырылған қазақ тазысы жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев осы қуанышты жаңалыққа орай Қазақстан кинологтар одағына құттықтау жеделхатын жолдады.