Президент Бішкектегі «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Іс-шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.