Президент Асхат Жұмағалиға нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді

0 69

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді және нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды бекітті. Соған сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикоррупциялық қызмет) таратылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді.

ҰҚК құрылымында жаңа орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылады.