Полицейлерден жинақылық талап етілді

0 299

Жамбыл облысы Полиция департаментінің плацында жазғы киім үлгісіне  ауысуға байланысты полиция қызметкерлерінің саптық жиыны өтті, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Жыл сайын көктемде және күзде екі рет өтетін шараға  облыстық Полиция департаментінің барлық жеке құрамы қатысты.

Департамент бастығы Арманбек Баймурзин полицейлердің жаздық киім үлгісіне, қызметтік куәліктердің, жетондардың сәйкестігіне назар аударып, жинақылығын тексерді. Полиция генерал-майоры қызметкерлердің өжеттілігімен қатар ұстамдылығымен қоса, әрдайым ұқыпты, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайы және әдепті болуы, қызметтік міндеттерін адал атқаруы тиіс деп атап көрсетті. Сонымен қатар, қылмыстың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті сақтауда профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Саптық мұндай шарада полицейлердің дайындық дағдыларын нығайтуға, қызметтік тәртіп деңгейін арттыруға ықпал етеді. Жылына екі рет – көктемде, жазғы киім үлгісіне көшкен кезде және күзде, қысқы киім үлгісіне ауысқанда қоғамдық тәртіп сақшыларының қоғамдық тәртіп күзетінде қырағы болуы жете түсіндіріледі.

Жүргізілген тексеру жұмыстары жеке құрамның жаз жағдайында қызметке әзір екендіктерін және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілгендерін көрсетті.