Пәкістан Премьер-министрі Астанаға келді

0 131

Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбаз Шариф Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шахбаз Шарифті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Бүгінде Қазақстан мен Пәкістан ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытып жатыр.

IT-индустрия және қаржы саласы да перспективалы бағыттар болып саналады.