Паспорт пен жеке куәлік терминал арқылы да беріледі

0 6

Цифрлық даму министрлігі паспорт пен жеке куәліктерді терминал арқылы беруге арналған пилоттық жоба әзірледі, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бұл қызмет биометриялық сәйкестендіру терминалы арқылы жүзеге асырылады.

Пилоттық жоба Республикалық маңызы бар қалалар мен Астанада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында басталады.

«Қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының фронт-офистерінде биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып, құжаттау терминалы арқылы «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсету 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады», делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында.