Оқушылар күзгі каникулда неше күн демалады

0 226

Ел мектептерінде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Оқушылар күзгі каникулда жалпы 10 күн демалады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру мекемелерінде күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылатынын бекіткен еді.

Сондай-ақ биыл 25 қазан – Республика күні жұма күнге, ал 26 және 27 қазан сенбі-жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр.