Олжас Бектенов қазақстандықтарды құттықтады

0 8

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың сөзінше, еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

«Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдірді. Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық», — деді премьер-министр.

Олжас Бектенов қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру үшін дауыс беріп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлестерін қосқанын айтты.

«Әділетті әрі Өркендеген Қазақстанның жаңа тарихы ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, тек демократиялық құндылықтар негізінде қалыптасып жатыр. Жүргізіліп жатқан өзгерістердің сапасы мен даму қарқынын қамтамасыз ете отырып, бәріміз бірге алға қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізетінімізге сенімдімін».

«Барша қазақстандықтарды Отанымыздың Бірлігі мен Тәуелсіздігінің және Егемендігінің символы болып табылатын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын!» — деді Олжас Бектенов.