Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайға көлік сыйлады

0 177

Танымал блогер Нұрдаулет Бектұрсын кәсіпкерлермен бірігіп Париж Олимпиадасында күміс жүлде иеленген Нұрбек Оралбайға су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Блогер уәде еткен Zeekr автокөлігін Нұрбек Оралбайға табыстап жатқан сәтін Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Айта кетейік, шамамен бұл автокөліктің құны 20 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар блогер NNN Нұрбектің егізі Айбекті де сыйлықсыз қалдырмады. Олар Айбек Оралбайға 5 млн теңгелік сертификатты тарту етті.

Кәсіпкерлер келесі Олимпиада ойындарына сәттілік тілеп, алтын медаль жеңіп алуларына тілектестік білдірді.