Облыста тазалық жұмыстары жүргізілді

0 413

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су тасқынының алдын алу бойынша жамбылдықтар жаппай сенбілікке шығып, каналдар мен арықтарды тазалады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Сенбілікке облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен бірге өңірдегі барлық мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жеке ұйымдар, белсенді жастар мен бизнес нысандарының қызметкерлері, қала тұрғындары атсалысты.

Қаладағы Түйте, Қарасу-2, Сеңкібай каналдары тазаланды.

Жалпы, облыс бойынша сенбілікке 20 мыңнан астам адам қатысты.