Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады

0 212

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев әкімдік ғимаратында азаматтарды қабылдап, сауалдарына құлақ түрді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтардың басым бөлігі баспанамен қамту мәселесіне тоқталды. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалту үшін үй-жай, балық шаруашылығын дамытуға жер бөлуді сұранды. Суармалы су жетіспеушілігі мәселесіне де тоқталды.

Бұдан бөлек, қабылдауға жазылғандар көпқабатты тұрғын үйлерін жөндеп беруді өтінді.

Өз кезегінде, өңір басшысы барлық сауалдарды назарға алып, азаматтарға заң аясында жауап берді.

Қабылдау қорытындысы бойынша басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне көтерілген мәселерді жіті зарделеп, бақылауға алу тапсырылды.