Назым Қызайбайды жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды

0 201

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Қазақстанға келді. Оны туыстары мен жанкүйерлері Алматы әуежайынан сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Жазғы Олимпия ойындарында әйелдер боксынан 50 кг салмақта жұдырықтасқан Назым Қызайбай өзіне көрсетілген құрметке алғыс айтты.

«Жалпы Олимпиада ойындары жақсы өтті. Жаттықтырушыммен жақсы дайындалып, қолаға қол жеткіздік. Халықтың күтіп алғанына қарап, жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын. Жанкүйерлерге мың алғыс. Барша Қазақстанның қолдауын сезіндім», деді ол.