Назым Қызайбай: Әнұранымызды ойнатпасам да, көк туымызды көтергеніме қуаныштымын

0 191

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, әлемдік жарыстан жүлдемен оралғанына қуанышты екенін жеткізді. Бұл туралы ол Olympic.kz сайтына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Біздің жеңісіміздің артында бүкіл халықтың, мемлекеттің сенімі мен қолдауы тұрғаны анық.

Париж Олимпиадасында әлемнің ең мықты спортшыларымен күш сынасып, еліміздің намысын абыроймен қорғау үшін бар күшімізді салдық.

Әнұранымызды ойнатпасам да, еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, қола медальға қол жеткізгеніме қуаныштымын.

Алда өтетін әлемдік жарыстарда да жақсы өнер көрсету үшін бар күшімізді саламыз. Елім, жерім дейтін патриот азаматтарымыз, чемпиондарымыз көп болсын! — деді Назым.