Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Өтінішті 25 ақпанға дейін app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ал тестілеу 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.
Аталмыш тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
– орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
– шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
– өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
– ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
– шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).
Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.
Айта кетейік, талапкерлер тестілеу өтетін күнді, уақытты және орынды өздері таңдайды.