Мыңға жуық ағаш отырғызылды
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Тараз қаласында мыңға жуық терек ағашы отырғызылды. Акция Ы.Сүлейменов көшесінен «Ұлы дала» шағын ауданына өтетін жолдың бойында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Игілікті іске облыс, қала әкімі, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық экология департаменті, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, жастар, жеке кәсіпкерлер және ардагерлер белсене қатысты.
Ербол Қарашөкеев акцияға қатысқан азаматтарға алғыс білдірді. Тараз қаласы әкімдігіне абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі жүргізуді міндеттеді.