Министр Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, өңірдің денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелерін, оның ішінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен ауылдық медицинаның жағдайын талқылады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Кездесу барысында аудан тұрғындары сұрақтар қойып, оларды толғандырған мәселелері бойынша жауаптар алды. Дәрілік қамтамасыз ету, госпитализация және медициналық көмек алу мәселелері талқыланды. Министр кейбір сұрақтарды жеке бақылауына алды.
Әлназарова халықпен кері байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулер мәселелерге жедел жауап беруге және елдегі денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға көмектесетінін айтты.