«Меркі тынысының» мерейтойына орай облыстық турнир өтті

0 711

Мерейлі Меркі жерінің тыныс-тіршілігін жан-жақты жазып келе жатқан «Меркі тынысы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толып отыр, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Аталған басылымның мерейтойына байланысты жақында ғана ашылған «белсенді өмір сүру» орталығында облыстық дойбы жарысы өтті.

Жарысқа респбуликалық, облыстық және аудандық газеттердің бас редакторлары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды республикалық «Салық тәртібі» газеті бас редакторының орынбасары Амангелді Әбілов, 2-орынды – республикалық «Салық тәртібі» газетінің бас редакторы Ғалым Қасабай, 3-орынды – Байзақ аудандық «Ауыл жаңалығы» газеті бас редакторының орынбасары Сүндетулла Әбілов иеленді.

Жарыстың жеңімпаздары мен қатысушылары аудан әкімінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.