Мемлекет басшысы маңызды кездесулер өткізеді

0 173

Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірқатар маңызды халықаралық және ішкі іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28-29 мамыр күндері елімізге Руанда Президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Сапар барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралып, бірқатар келісімдерге қол қойылады.

28 мамырда Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Төрағасы Анке Релингермен кездеседі.

Сол күндері, 28-29 мамырда, Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновская-Давкова мен Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Қос тараппен де өзара әріптестік мәселелері талқылануы жоспарланған.

29 мамыр күні Президент Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады. Форум аясында Мемлекет басшысы шетелдік делегация жетекшілерімен, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

30 мамырда Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен Қазақстанға келеді. Осы күні алғаш рет «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді. Іс-шараға өңір елдерінің басшылары қатысады.

Аптаның соңында, 31 мамырда, Президент Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған рәсімге қатысады.