Мемлекет басшысы бір топ шахтерді марапаттады

0 305

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шахтер күні қарсаңында отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 36 шахтер «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 43 азамат «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.