Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше құбылысты байқады

0 106

9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше жарқыраған құбылысты байқаған. Бұл көріністің суретін маңғыстаулықтар әлеуметтік желілерге жариялаған, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өңір тұрғындары айналасында шеңберлері бар жарқыраған құбылысты суретке түсіріп алған.

9 шілде күні кешке Ресейдің бірнеше аймақтары мен Шығыс Еуропа елдерінің тұрғындары да әлеуметтік желілерде ерекше құбылыстың суреттерін жаппай тарата бастаған.

Ресейлік БАҚ бұл нысан Куру ғарыш айлағынан бұрын ұшырылған Ariane 6 зымыраны болуы мүмкін деп тұжырымдады.

Айта кетейік, жеңіл салмақты француздық Ariane зымыраны 9 шілде күні кешке алғаш рет сәтті ұшырылды.