Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

0 212

Мамыр айында барлық мереке апта ортасына түсіп отыр: 1 мамыр – бейсенбі, 7 мамыр – одан кейінгі аптаның сәрсенбісі, ал 9 мамыр жұмаға сәйкес келеді. Осыған байланысты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күндерін ауыстыру туралы шешім қабылдауы мүмкін, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 3-бабына сәйкес 2025 жылы қазақстандықтар үш мерекені тойлайды:

  • Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр (бейсенбі);
  • Отан қорғаушы күні – 7 мамыр (сәрсенбі);
  • Жеңіс күні – 9 мамыр (жұма).

Осылайша, қазақстандықтар:

бес күндік жұмыс аптасы бойынша: 1 мамырда демалады, 2 мамыр – жұмыс күні, 3 және 4 мамыр – күнтізбелік демалыс күндері, 5 және 6 мамыр – жұмыс күндері, 7 мамыр – мерекелік демалыс күні, 8 мамыр – жұмыс күні, 9, 10, 11 мамыр – мерекелік демалыс күндері.

алты күндік жұмыс аптасы бойынша: 1 мамыр – мерекелік демалыс, 2 және 3 мамыр – жұмыс күндері, 4 мамыр – демалыс күні, 5 және 6 мамыр – жұмыс күндері, 7 мамыр – мерекелік демалыс күні, 8 мамыр – жұмыс күні, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс, 11 мамыр – күнтізбелік демалыс күні.

Дегенмен мамырда кәсіби және басқа мерекелер аталып өтеді. Жұмыс күндеріне қарамастан, ол мерекелерді қатысы бар кәсіп иелері атап өтеді.

Кәсіби мерекелердің тізімі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығының редакциясында жарияланған және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енген.

17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;

25 мамыр (мамыр айының соңғы жексенбісі) – Химиялық өнеркәсіп қызметкерлері күні.