Майқайыңда жоғалып кеткен автобус жеті айдан кейін табылды

0 223

Майқайыңда шахтаға түсіп кеткен автобус табылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

24 шілдеде кешке жұмыстар барысында құтқарушылардың автобусы табылды. Жаңбыр мен желге және құлау қаупіне байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізіліп жатыр. Бүгін таңғы сағат 05:00-ден бастап іздеу жұмыстары қайта басталды, — деп түсіндірді әкімнің баспасөз қызметі.