Кез келген адам Президенттің 1 күндік мобилографы бола алады
Қазақстан тұрғындары Президенттің 1 күндік жеке мобилографы бола алады. Ол үшін арнайы байқаудан өту қажет. Бұл туралы белгілі мобилограф Қыран Талапбек хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі .
Қыран Талапбектің сөзінше, ең жас және креативті мобилограф Президенттің 1 күндік жеке мобилографы бола алады. Бұл жаңа кәсіп еліміздің тарихын жасайтын — тарихи кезең.
— Құрметті,ханымдар мен мырзалар, барлық шәкірттеріміз бен мобилографтар, контентмейкерлер! Видеоларыңызды Тик-ток және Инстаграмға #nomadgamesfest деп салыңыз.
Көшпенділер ойындарына арналған ең креативті промо-ролик түсіріп, оны әлеуметтік желілерге, WhatsApp, Telegram-ға #nomadgamesfest хештегімен жариялаңыз. Бұл — сіздің қабілеттеріңізді көрсетіп, керемет сыйлықтар ұтып алатын мүмкіндігіңіз!, — дейді Қыран.