Испания құрамасы жеңімпаз атанды

0 155

Футболдан биылғы Еуропа чемпионаты финалында Испания-Англия құрамалары кездесті, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қос тараптан да шабуыл жасалып, гол соғуға шақ қалу мезеті болғанымен бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енбеді.

Екінші кезең басталған сәтте испан футболшылары есеп ашты. 17 жасар Ламин Ямаль әріптесі Нико Уильямске нәтижелі пас шығарып, ол қақпаны дәл көздеді.

Күллі әлем көз тіккен ойынның 73-минутында англиялық Коул Палмер таразыны теңестірді. Ал 86-минутта испаниялық Микель Оярсабаль жеңіс голын соқты. Осылайша Испания құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионы атанды.