«Google Translate» тіл үйретеді

0 110

«Google» аударма қызметін жаңар­тып, тікелей аударма мен тіл үйрену функцияларын іске қосты. Енді қолданушылар сервистің көмегімен тыңдалым мен сөйлеу машықтарын жетіл­діре алады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Жасанды интеллект әр адамның тіл білу деңгейін бағалап, соған сәйкес, жаттығулар дайындайды. Ал, тікелей аударма құ­ралы 70-тен астам тілде әңгімелесуді жеңіл­детеді. Жүйе сөйлеудегі акцент пен паузаны ажыратып, бірден дыбыстап, дұрыс нұсқасын экранға шығарады. Жүйе әзірге санаулы елдерде ғана іске қосылды. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін барлық пайда­ланушыға қолжетімді болады.