Ең кәрі лауреат

0 125

Джон Гуденаф 2019 жылы химия саласындағы Нобель сыйлығын алған кезде 97 жаста болған, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ғалымға бұл марапат литий-ионды батареяларды ойлап тапқаны үшін бе­рілді. Оның еңбегі қазіргі заманауи технологиялардың негізін қалады. Өйткені смартфондардан бастап электромобильдерге дейін көптеген құрылғы осы батареяларға тәуелді. Осылайша, Джон Гуденаф жүз жасқа таяған шағында дүниені дүр сілкіндірген жаңалық ашып, ғылым жолында табанды жанның ғана жеңіске жететінін дәлелдеді.