Елордадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

0 3

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Делегация құрамында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ құрылыс компаниясының өкілдері болды.

Оқу орнының құрылысы Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда көпфункционалды кешенде құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанның бір бөлігі пайдалануға берілген. Бірінші кезең аясында колледждің оқу ғимараты, 500 орындық жатақхана, трибунаның астындағы бөлмелер, жабық жеңіл атлетикалық манеж, бассейн және көпфункционалды кешен қарастырылған.

Екінші кезең аясында ғылыми-зерттеу орталығы бар университет ғимаратын, 1 мың орындық жатақхананы, медициналық-сауықтыру орталығын, оқытушыларға арналған тұрғын үй корпусын және стадионды пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Тексеру қорытындысы бойынша вице-премьер спорт нысанына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен жеткізу желілерін тарту жөнінде тиісті тапсырмалар берді.