Елорда тұрғыны көлікті жалға аламын деп алаяққа алданып қалған

0 511

Елорда полициясына қаланың 40 жастағы тұрғыны жүгініп, бейтаныс адам алаяқтық жолмен оның 7 миллион теңгесін иемденгені туралы мәлімдеген, деп хабарлайды  «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы азаматты ұстаған.

Болжам бойынша, ер адам автокөлікті жалға алу туралы шарт жасап, содан кейін басқа қалаға барып, оларды сатқан. Бірақ көліктің құжаттары өзімен жоқ деген желеумен оңай ақша табуға тырысқан.

Хабарланғандай, алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, ер адам қамауға алынған. Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас 3 эпизодқа қатысы бар екені анықталған.