Еліміздің төрт облысында жолдар жабылды
ТЖМ ауа райының нашарлауына байланысты үш облыста жолдар жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ауа райының нашарлауына (қар, көктайғақ, боран, көрінудің шектелуі) байланысты облыстық маңызы бар 3 а/ж (Абай, Қостанай, Маңғыстау облысы) және республикалық маңызы бар а/ж 1 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық, — делінген мәліметте.
Жетісу облысы
Үшарал-Достық-шекарасы. ҚХР 84-164 шақырымы, Көктұма кенті — Достық станциясы.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
- Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
- Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.