Еліміздің батыс өңірлерінде аптап ыстық күтіледі

0 286

Синоптиктер 2 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Бүгін Алматы облысында,  Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарының батысы мен солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, Батыс Қазақстан облысының  батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық болады.

Сондай-ақ Астанада таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жоғарғы өрт қаупі сақталады.