Еліміздің басты алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру басталды
Астанада «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру басталды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Салтанатты іс-шараның тікелей көрсетілімі Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің ресми Youtube-арнасында қолжетімді. Шерудің тікелей эфирін еліміздің барлық облыс орталықтарында орнатылған республикалық телеарналар мен LED-экрандардан көруге болады.
Астана тұрғындары мен қала қонақтары шеруді қаладағы үш жерден тамашалай алады:
- ЕХРО аумағы (Түркістан және Ақмешіт көшелері жағынан кіру);
- қалалық алаң (Астана әкімдігі ғимаратының алдында);
- Б. Момышұлы даңғылы, 1, мекенжайы бойындағы «Astana Music Hall» тұрақ аумағы (Кувшин).
Шеруге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдарының ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, Құрметті қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының ардагерлері шақырылды.