Елімізде ЖІӨ өсімі 4%-ға жетті

0 171

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлер белсенді жұмыс жүргізсе, кейбір салалар мен өңірлердегі экономикалық көрсеткіштер бұдан әлдеқайда жоғары болатынын атап өтті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.

Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша осы жылдың 9 айында ЖІӨ өсімі 4%-ға жетті.

Оған негізінен ауылшаруашылығы (11,4%), өңдеу өнеркәсібі (4,8%), құрылыс (10,1%) және сауда (6,3%) салалары ықпал етті. Аталған кезеңде мұнай өндіру көлемі төмендеп кетті. Бұл өз кезегінде, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді. Биылғы жылы экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардың есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек. Бұған экономиканы әртараптандыру шараларының нәтижесінде қол жеткізілді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында өсім тіркеліп отыр. Ең төмен көрсеткіштер Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында.

Премьер-министр экономика өсімінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы өңір әкімдерін тыңдады.

Әкімдер мен министрлер белсенді жұмыс жүргізсе, кейбір салалар мен өңірлердегі экономикалық көрсеткіштер бұдан әлдеқайда жоғары болатын еді. Артта қалған салаларды жеделдету үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдап, күнделікті мониторинг жүргізу керек. Әкімдіктер өңдеу өнеркәсібін қолдауға, сондай-ақ құрылыс пен сауданы ынталандыруға баса назар аударуы қажет. Мұнда үлкен резервтер бар, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру, ӘМАТ бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, отандық өнеркәсіпті қолдау бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы жылдың соңына дейін барлық ресурстарды экономиканың сапалы өсуіне жұмылдыруы керек. Қазіргі жағдайда бұл оңай шаруа емес. Сондықтан осы бағыттағы күш-жігерді еселей түсу қажет. Ол үшін министрліктер мен өңірлер үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуге тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр жыл соңына дейін барлық ресурстарды жұмылдыру қажет екенін айтты. Үкімет отырысы барысында Осы жылдың 9 айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Бектенов бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыны уақтылы игеру бөлігінде қаржылық тәртіпті күшейту қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы жылдың соңына дейін барлық ресурстарды экономиканың сапалы өсуіне жұмылдыруы керек. Қазіргі жағдайда бұл оңай шаруа емес. Сондықтан осы бағыттағы күш-жігерді еселей түсу қажет. Ол үшін министрліктер мен өңірлер үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.