Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі

0 180

2024 жылғы 17 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио өшіріледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Қазтелерадио» АҚ хабарлауынша, жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

— «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді, — делінген хабарламада.