Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің финалына шықты

0 45

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Біріккен Араб әмірліктерінде өтіп жатқан турнирде Елена Рыбакина әлемнің 10-шы ракеткасына қарсы бақ сынады. Паула Бадосамен кездесуде жеңіс отандасымыздың еншісіне жазылды. Үш сетте қорытынды есеп — 4:6, 7:6 (10:8), 7:6 (7:2).

«Екінші сеттегі тай-брейкте Елена 3:6 есебімен жеңіліп жатқан еді. Алайда төрт матч-болда басым түсіп, 10:8 есебімен жеңіп кетті», делінген федерация хабарламасында.

Енді отандасымыз ширек финалда америкалық София Кенинмен өзара мықтыны анықтайды.