Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды

0 153

Париж Олимпиадасының алғашқы күні Қазақстан қоржынына қос медаль салған чемпион Елдос Сметов пен қола жүлде еншілеген Ғұсман Қырғызбаев елге оралды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Олимпиада жүлдегерлерін отбасы мен қалың жанкүйерлер нөпірі, БАҚ өкілдері Алматы әуежайында қарсы алды.

60 келі мен 66 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған дзюдошылар қолдау білдіріп, сенім артқан Қазақстан халқына алғыс білдірді.

«Алматы әуежайындағы атмосфера тамаша. Қазақ еліне рақмет. Алтын алам деп барғанмын. Бұйырғаны қола болды. Бар күш-жігерімді салдым. Бірақ қола алдым. Бәрі керемет болды», деді Ғұсман Қырғызбаев.