Елдегі орташа зейнетақы мөлшері аталды

0 233

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Еңбек министрлігінің мәліметінше жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 861,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 585,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 275,8 млрд теңге қарастырылған.

«2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 391 мың адам. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге», делінген хабарламада.