Екі облыста жол жабылды
2025 жылғы 27 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ақмола облысы:
— «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы — Жақсы ауылы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
— «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Тахтаброт ауылының бұрылысы).