Екі облыста жол жабылды

0 23

Еліміздің батысы мен оңтүстігіндегі республикалық маңызы бар екі жолда көлік қозғалысы шектелді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе, Қызылорда облыстарындағы жол учаскелері сағат 11:30-дан бастап жабылған.

Ақтөбе облысында «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.

Қызылорда облысында «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) де жабылған.

Жол учаскелерін бүгін сағат 20:00 ашу жоспарланып отыр.