Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Қолайсыз ауа райына байланысты Түркістан және Жамбыл облыстарындағы республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.
20 желтоқсан сағат 09:00-ден Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырым аралығында Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар Түркістан облысындағы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-663 шақырым аралығында Жамбыл облысының шекарасынан — Қарабұлақ ауылына дейін көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.